"Интергаз Орталық Азия" АҚ үшін шекті рұқсат етілген төгінділер нормативтерінің жобасын әзірлеу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ 
«Интергаз Орталық Азия» АҚ ("Самұрық-Қазына"АҚ-ның еншілес ұйымы). "Интергаз Орталық Азия" АҚ (бұдан әрі - "ИОА" АҚ) қызметінің негізгі бағыттары: магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, ішкі тұтынушылар үшін табиғи газды тасымалдауды және халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру. Жалпы ұзындығы 11 055 км болатын "ИОА" АҚ газ тасымалдау жүйесін филиалдар, магистральдық газ құбырлары басқармалары пайдаланады.

МІНДЕТІ 
Компания алдында «Атырау» МГБ, Мақат ЖӨБ, Индер ЖӨБ шалғайдағы ө/ө «Тайман» үшін шекті рұқсат етілген төгінділер (ШРТ) нормативтерінің жобасын әзірлеу міндеті тұрды.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Жоғарыда аталған нысандар үшін ШРТ әзірлеу;
  • Жобалар ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалды;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары алынды.