Сынақ зертханасы

«Nomad Eco» ЖШС-де, ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» мемлекетаралық стандарт талаптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-і берген 30.12.2022 жылғы №KZ.T 01.1981 аккредиттеу аттестаты куәландырылған сынақ зертханасы бар (бұдан әрі – СЗ).

Сынақ зертханасының негізгі қызметі – зертханалық талдаулар жүргізу арқылы қоршаған ортаның жай-күйін зерттеу болып табылады.

СЗ заманауи өлшеу аспаптарымен, сынамаларды сақтауға арналған жабдықтармен, сондай-ақ зертханалық талдауларды дұрыс және сапалы жүргізуге арналған материалдарымен (химиялық реактивтермен, ыдыстармен және т.б.) қамтамасыз етілген.

Зертханалық жұмыстар үшін пайдаланылатын барлық өлшеу құралдары, оның ішінде қоршаған орта параметрлерін бақылау аспаптары мерзімді тексеруден және калибрлеуден өтеді.

Зертхана аккредиттеу аттестатына сәйкес аспаптық өлшеулер мен зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы өнеркәсіптік аймақтар мен елді-мекендерде атмосфералық ауаның, жер үсті, жер асты, ауыз су және сарқынды суларының, топырақтың, теңіз түбіндегі шөгінділердің, өндіріс қалдықтарының, өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің және т.б. ластану деңгейін бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаның және жұмыс аймағының ауасының параметрлерін өлшейді.

Зертханада зерттеу жүргізетін және қоршаған орта компоненттерін өлшейтін мобильді далалық топтар бар.

СЗ қызметкерлерінің жұмыс тәжірибелері мол және олар әрқашан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктер саласында үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өткен және өз уақытында өтіп тұрады.

kkKK