Каспий теңізіндегі қазақстандық секторының орта бөлігіндегі «Жеңіс» учаскесінде климаттық маусымдар бойынша өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Жеңіс Оперейтинг" ЖШС. Компания Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Жеңіс" учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі (жер қойнауын пайдаланушы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС атынан, есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет ететін) оператор болып табылады.

МІНДЕТІ
2020 жылдан 2022 жылға дейінгі климаттық маусымдар бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторының орта бөлігіндегі "Жеңіс" учаскесінде өндірістік экологиялық мониторинг (ӨЭМ) жүргізу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Экологиялық мониторинг жұмыс кестесіне, ӨЭМ бағдарламасына, техникалық ерекшелікке сәйкес жүргізілді және оған мыналар: атмосфералық ауа сапасы мен гидрометеорологиялық параметрлердің мониторингі, теңіз суының және теңіз түбіндегі шөгінділердің физикалық, химиялық зерттеулері, гидробиологиялық және микробиологиялық сынамаларды зерттеу, ихтиологиялық зерттеулер, сонымен қатар теңіз жан-жануарларымен құстарын бақылау жұмыстары кірді.
  • Зерттеу жұмыстары Каспий теңізінің орта бөлігінде, қоршаған ортаның компоненттерін іріктеп, сынама алу арқылы, одан кейін сол алынған сынамаларға зертханалық талдаулар жүргізу арқылы жүзеге асты.
  • Зерттеу нәтижелері аналитикалық есептер мен картографиялық материалдар түрінде ұсынылды.