"Жеңіс" учаскесінде V-1 іздеу ұңғымасының құрылысы алдында инженерлік-геологиялық іздестіру (ИГІ) және инженерлік-гидрометеорологиялық іздестіру (ИГМІ) кезінде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Жеңіс Оперейтинг" ЖШС. Компания Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Жеңіс" учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі (жер қойнауын пайдаланушы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС атынан, есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет ететін) оператор болып табылады.

МІНДЕТІ
Қажетті бақылаулар арқылы ИГІ-нің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу мақсатында экологиялық мониторинг жүргізу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Өндірістік экологиялық мониторинг V-1 іздеу ұңғымасының құрылысы алдында ИГІ жанындағы өндірістік экологиялық мониторинг жүргізуге арналған жұмыс кестесіне, бағдарламасына, техникалық ерекшелікке сәйкес жүргізілді және оған мыналар: атмосфералық ауа мен метеорологиялық параметрлердің мониторингі, теңіз түбіндегі шөгінділерді зерттеу, теңіз суын физика-химиялық зерттеу, гидробиологиялық зерттеулер, микробиологиялық зерттеулер, ихтиологиялық зерттеулер, орнитологиялық зерттеулер, итбалықтарды зерттеу жұмыстары кірді.
  • "Жеңіс" учаскесінде ИГІ жанындағы мониторинг үш сатыда жүргізілді: ИГІ өткізілгенге дейін, өткізу кезіндегі және өткізілгеннен кейінгі бақылау жұмыстары.
  • Каспий теңізінің акваториясында қоршаған орта компоненттерінің сынамалары алынды және соларға зертханалық талдаулар жүргізілді.
  • Жұмыстарды жүргізу қорытындысы бойынша далалық зерттеулер есебі әзірленді.