ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ" ("Самұрық Қазына" АҚ еншілес ұйымы)."ҚТЖ "ҰК" АҚ – Қазақстан экономикасы өсуінің инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз ететін көліктік-логистикалық холдинг. Компания логистикалық және тасымалдау компанияларын, көліктің барлық түрлерінің терминалдық және магистральдық инфрақұрылым иелерін біріктіреді. "ҚТЖ "ҰК" АҚ теміржол және теңіз тасымалдарын жүзеге асырады, көлік-логистикалық орталықтардың, сондай-ақ теңіз порты, әуежай, теміржол және автожол инфрақұрылымының қызметтерін көрсетеді.
МІНДЕТІ
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ-ның бірнеше филиалдары үшін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу, атап айтқанда: Арыс пайдалану локомотив депосының «Шымкент бөлімшесі МК», Жамбыл және Шу пайдалану локомотив деполарының «Жамбыл бөлімшесі МК», Павлодар және Екібастұз пайдалану локомотив деполарының «Павлодар бөлімшесі МК», Атырау және Мақат пайдалану локомотив депосының «Атырау бөлімшесі МК» ҚОНЖ әзірлеу.
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
- Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде қалдықтардың пайда болу көздерін түгендеу;
- 2017-2026 жылдарға арналған қалдықтарды орналастыру нормативтерін жасау;
- ҚОНЖ жобасына жұмыстарды орындау барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардан оң қорытынды алынды.