"ҚазМұнайГазӨнімдері" ЖШС үшін шекті рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобаларын әзірлеу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
«ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС  («Самұрық Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы) — жанар-жағармай материалдарын бөлшек саудада сату бойынша бірыңғай оператор. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тігінен интеграцияланған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өнімдерін, газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, сұйытылған мұнай газын (ТМД) өткізу, автожанармай құю станцияларын, мұнай базаларын, газ толтыру станцияларын, автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын пайдалану және жөндеу; мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызметтер көрсету; мұнай өнімдерінің сапасын анықтау бойынша зертханалық сынақтар; ЖМҚС және АГҚС-да қызметтер көрсету.

МІНДЕТІ 
ҚР қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасының нұсқаулық-әдістемелік және нормативтік-құқықтық талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС үшін шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) нормативтерінің жобаларын әзірлеу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • ШРШ жобаларында шекті рұқсат етілген шығарындылардың нормативтері, санитарлық-қорғау аймағының шекаралары айқындалған;
  • ҚМЖ кезінде ШРШ нормативтері және ластаушы заттардың шығарындыларын бақылау кезеңділігі айқындалды;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалардың оң қорытындылары.