"ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС үшін фондық экологиялық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС.Мұнай мен газды өндіру және өңдеу, мұнай өнімдері мен мұнай химиясы өнімдерін өндіру саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әлемдік компаниялардың бірі болып табылады.

МІНДЕТІ
Каспий теңізінің қазақстандық секторының орта бөлігіндегі "Жеңіс" учаскесі үшін фондық экологиялық зерттеулер бағдарламасын (ФЭЗ) әзірлеу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Жобаланатын аумақтың қоршаған ортасының жай күйін зерделеу бойынша қор материалдарын шолу және сатып алу;
  • Әсер ету аймағында және бақылау нүктелерінде ФЭЗ станцияларын орналастыру кестесін құру;
  • Барлау аймағының келісім-шарттық аумағына антропогендік әсердің орындарын айқындау мақсатында ғарыштық суреттерді дешифрлеу;
  • "Жеңіс" барлау аймағы мен Каспий теңізінің қайраңында графикалық материалдарын әзірлеу және тақырыптық карталарын жасау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ФЭЗ бағдарламасын әзірлеу;
  • ФЭИ бағдарламасын мемлекеттік уәкілетті орындармен келісу.