"ҚазТрансГазАймақ" АҚ үшін өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ («Самрұқ Қазына» АҚ еншілес ұйымы) - еліміздің барлық газдандырылған он облысында тарату және магистральдық газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы ірі газбен жабдықтаушы компания. Кәсіпорынның негізгі міндеттері-тауарлық газ жеткізуді ұйымдастыру, көк отынды тарату желілері арқылы тасымалдау, өңірлерде газ тасымалдау активтерін басқару. Қызметтің негізгі бағыты-халықты, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету.

МІНДЕТІ
ҚР Экологиялық кодексінің 131-бабының ережелеріне сәйкес "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-на меншік құқығында тиесілі ГТП, ШГТП нысандарына өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Бақылау объектілерінің аумағына шығу;
  • Өндіріс процесінің белгілі бір параметрлерін, қоршаған ортаға әсер ететін физикалық және химиялық факторларды бағалау;
  • Әуе бассейнінің экологиялық мониторингін ұйымдастыру.