Астана қаласының 2023-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі қызметтер

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы" ММ

МІНДЕТІ
Астана қаласының 2023-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нақты көрсеткіштерін (ҚОСНК) әзірлеу туралы қызметтер

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, топырақтың сынамаларын алу, сондай-ақ қалдықтарды жинақтау (жою) көлемі туралы статистикалық ақпаратты жинау арқылы Астана қаласының қоршаған ортасы компоненттерінің ағымдағы жай-күйін айқындау;
  • Атмосфералық ауаның ластануына ең үлкен үлес көздерін анықтау үшін стационарлық шығарындылар көздерін, негізгі автомобиль жолдарын, тұрғын-жай секторларын түгендеу;
  • Астана қаласы бойынша ШРШ жиынтық томын әзірлеу;
  • Астана қаласы халқының денсаулығына әсер ету тәуекелін бағалау;
  • Қоршаған орта сапасының негізгі индикаторлары бойынша ҚОСНК-нің өзекті ғылыми зерттеулерін ескере отырып әзірлеу;
  • ҚОСНК-не қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
  • ҚОСНК-не қол жеткізу мониторингі бағдарламасын әзірлеу;
  • Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Мемлекеттік органдарда ҚОСНК құжаттарын келісу кезінде көмектесу.