Каспий теңізіндегі қазақстандық секторының солтүстік бөлігіндегі "Жемчужина" келісімшарттық аймағында экологиялық мониторинг жүргізу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В. және "Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты" ЖШС және "Nomad Eco" ЖШС консорциумы."Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б. В." негізгі қызметі - барлау және іздеу жұмыстарын жүргізу, ұңғымаларды бұрғылау, сынау, геологиялық және геофизикалық зерттеулерді жүргізу және бағалау, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Жемчужина" учаскесінде көмірсутектерді өндіру.

МІНДЕТІ
2006 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде "Жемчужина" келісімшарттық аумағында жүргізілген экологиялық зерттеулер мен мониторингтің барлық түрлері бойынша экологиялық есепті жасау.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • "Жемчужина" келісімшарттық аумағында орналасқан жойылған 5 (бес) ұңғымаларға экологиялық мониторинг жүргізу;
  • Жойылған ұңғымалардың экологиялық мониторингі: метеорологиялық параметрлерді бақылауды, атмосфералық ауаның сапасын бақылауды, теңіз суын гидрологиялық-гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеуді, теңіз түбіндегі шөгінділерді физика-химиялық талдауды қамтыды;
  • "Жемчужина" келісімшарттық аумағында қоршаған орта компоненттерінің сынамалары алынды және оларға зертханалық талдаулар жүргізілді;
  • 2006-2020 жылдар кезеңінде "Жемчужина" келісімшарттық аумағында жүргізілген экологиялық зерттеулер түрлерінің жіктелуі жүргізілді;
  • Теңіз ортасының әрбір құрамдас бөлігінің бақыланатын параметрлерінің бүкіл тізбесі бойынша экологиялық зерттеулердің нәтижелерін салыстыру;
  • Графикалық құрылымдарды салу арқылы "Жемчужина" келісімшарттық аумағындағы теңіз ортасының динамикасын талдау;
  • Белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар үшін 2006-2020 жылдар кезеңінде Әуезов және Хазар құрылымдарында "Жемчужина" келісімшарттық аумағында жүргізілген экологиялық зерттеулердің және мониторингтің барлық түрлері бойынша қорытынды экологиялық есепті жасау.