«ҚазТрансОйл» АҚ нысандары үшін қоршаған орта компоненттеріне тоқсан сайын өндірістік экологиялық бақылау жүргізу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"ҚазТрансОйл" АҚ ("Самұрық Қазына" АҚ еншілес ұйымы).   ҚазТрансОйл" АҚ мұнайды ішкі нарыққа және экспортқа тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының ірі мұнай тасымалдайтын компаниясы болып табылады.

МІНДЕТІ
Құлсары, Атырау және Маңғыстау мұнай құбыры басқармаларының нысандарына төрт жыл бойы өндірістік экологиялық бақылау жүргізу (2018-2021 жж.).

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Қол қойылған техникалық ерекшелікке сәйкес төрт жыл ішінде Құлсары, Атырау және Маңғыстау мұнай құбыры басқармаларының нысандарына тоқсан сайын өндірістік экологиялық бақылау жүргізілді;
  • Өнеркәсіптік шығарындылардың ластау көздерінде, ҚазТрансОйл нысандарының санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасындағы атмосфералық ауаның, жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың, топырақ ресурстарының сынамалары алынды; іріктелген сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізілді;
  • Жұмыстарды жүргізу қорытындылары бойынша ӨЭБ есебін тоқсан сайын тапсыру.