Каспий теңізіндегі қазақстандық секторының орта бөлігіндегі "Әл-Фараби" учаскесінде климаттық маусымдар бойынша өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Әл - Фараби Оперейтинг" ЖШС.Компания Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Әл-Фараби" учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі (жер қойнауын пайдаланушы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС атынан, есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет ететін) оператор болып табылады.

МІНДЕТІ
2022 жылдан 2023 жылға дейінгі Климаттық маусымдар бойынша өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Экологиялық мониторинг жұмыс кестесіне, ӨЭБ бағдарламасына, техникалық ерекшелікке сәйкес жүргізілді және оған мыналар: атмосфералық ауа сапасы мен гидрометеорологиялық параметрлердің мониторингі, теңіз суының және теңіз түбіндегі шөгінділердің физикалық, химиялық зерттеулері, гидробиологиялық және микробиологиялық сынамаларды зерттеу, ихтиологиялық зерттеулер, сонымен қатар теңіз жан-жануарларымен құстарын бақылау жұмыстары кірді.
  • Зерттеу жұмыстары Каспий теңізінің орта бөлігінде, қоршаған ортаның компоненттерін іріктеп, сынама алу арқылы, одан кейін сол алынған сынамаларға зертханалық талдаулар жүргізу арқылы жүзеге асты.
  • Зерттеу нәтижелері аналитикалық есептер мен картографиялық материалдар түрінде ұсынылды.