ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ.
МІНДЕТІ
Атырау қ. ШРШ жиынтық томын әзірлеу (2018-2020 жж.)
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
- Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын өндіретін кәсіпорындар мен қаланың басқа да нысандарының нақтыланған тізімін жасау;
- Кәсіпорындардың СҚА шекараларын, тұрғын аймақтардың шекараларын, атмосфералық ауаның жай-күйіне қойылатын талаптары жоғары аумақтардың шекараларын жаза отырып, ластаушы заттар шығарындыларының көзі болып табылатын кәсіпорындарды байланыстыра отырып, қаланың ахуалдық жоспарын жасау, Қазгидромет бекеттерін орналастыру орындарын салу;
- Жылдың барлық маусымдарында Атырау қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейіне аспаптық өлшеулер жүргізу, нәтижелерді талдау және қорытындылау, нәтижелерді картаға түсіру және ГАЖ жүйесінде жариялау.
- Жылдың суық және жылы кезеңдеріне Атырау қаласының аумағында орналасқан стационарлық ластаушы көздерден ластаушы заттарды таратудың жиынтық есептеулерін жүргізу.
- Алынған мәліметтер негізінде есеп жасау.