"Ембімұнайгаз" АҚ үшін мұнаймен ластанған учаскелердің тізілім паспортын жасау

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ
"Ембімұнайгаз" АҚ ("Самұрық Қазына" АҚ еншілес ұйымы) - геологиялық барлауды, мұнай-газ кен орындарын игеруді, мұнай мен газды өндіруді және дайындауды жүзеге асыратын қазіргі заманғы қазақстандық мұнай компаниясы. Компания өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді. Ішкі нарыққа мұнай Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Экспортқа мұнай екі негізгі бағыт бойынша жеткізіледі: Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбырлары арқылы.

МІНДЕТІ 
"Ембімұнайгаз"АҚ ӨҚБ өндірістік құрылымдық бөлімшелері «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, "Доссормұнайгаз" МГӨБ, "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ аумағында мұнаймен ластанған учаскелердің тізілімдік паспортын жасау. Зерттеудің жалпы аумағы 30 714 га құрайды.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

  • Мұнаймен ластанған учаскелерді түгендеу және әрбір жеке мұнай дақтарын зерттеу;
  • Ластанған әрбір учаскескеге ластанудың паспорты жасалды;
  • Паспортты үлгі бойынша толтыру;
  • Паспорттарды тіркеу үшін, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті уәкілетті органға ұсыну.